Навигация

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 28

Қызметтік міндеттер

Жамбыл аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін
бөлу туралы қағидасы
 

 

Аудандық мәслихат аппарат басшысының міндеттері 03-01 - Бейсембаев Талғат Мұратұлы


Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10-бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс:

3.1. Қазақстан Республикасы Президенттің, ҚР Үкіметінің, аудандық мәслихат сессиясы шешімдерінің, аудандық мәслихат хатшысы өкімдерінің әділет органдарында бақылануын ұйымдастыруды және актілердің орындалуын тексеруді қамтамасыз етеді;

3.2. Аудандық мәслихаттың тұрақты жұмыс істейтін депутаттық комиссияларына әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастырады. Аудандық мәслихат сессиясына бекітуге құжаттарды ұсынады (аудан әкімдігінің қаулылары, бағдарламалар, жоспарлар) ;

3.3. «Ауданның құрметті азаматы» атағын беру туралы құжаттарды дайындайды (шешімдер, мінездемелер, анықтамалар) ;

3.4. Мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақталуына жауап береді;

3.5. Депутаттардың аудандық мәслихат сессияларында жасаған ескертулерін, сұранымдары мен тапсырмаларын орындайды (анықтамалар, ақпараттар, депутаттық сауалдар) ;

3.6. Аудандық мәслихат депутаттарының жұмысы туралы құжаттарды жинақтайды (хаттамалар, бағдарламалар, ақпараттар) ;

3.7. Ұйымдастыру техникамен және компьютерде Word, Excel бағдарламаллары бойынша жұмыс істей білуі;

 

Аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік – құқықтық, ақпараттық – талдау жұмысы бөлімінің басшысы міндеттері 03-02 - Иманкұлова Гүлнар Анатолийқызы


Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10-бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс:

3.1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын, ҚР нормативтік және заңнамалық актілерін, аудандық мәслихат сессиясының шешімдерін жүзеге асырады;

3.2. Аудандық мәслихат аппаратының құрылтай құжаттарды (Ереже, мемлекеттік тіркеу анықтамасы) жинақтайды, аудандық мәслихат аппаратының жылдық жұмыс жоспарын дайындайды, жеке тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау жұмыстарының жағдайы туралы құжаттрды ресімдеуді жүзеге асырады және олардың орындалу мерзімін бақылауды қамтамасыз етеді, облыстық мәслихат аппаратымен, облыс және аудан кәсіпорындарымен және ұйымдарымен аудандық мәслихаттың қызметі жөнінде хат алмасу;

3.3. Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген баспа бланкілік өнімдердің бүлінген немесе пайдаланылмаған даналарының жоюға бөлу туралы актілерін және басшы ауысқан кезде құжаттарды қабылдау – тапсырып беру актілерін жинақтайды;

3.4. Қазақстан Республиксының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген баспа бланкілерді есепке алу және беру, мәслихат хатшысының негізгі қызмет бойынша өкімдерін тіркеу, мәслихат хатшысының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын тіркеу, жеке тұлғалардың өтініштерін тіркеу, заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, кіріс құжаттарын тіркеу ,шығыс құжаттарын тіркеу ,жеделхаттарды және телефонхаттарды тіркеу журналдарын жургізеді;

3.5. Аудандық мәслихат депутаттардың сайлануы туралы құжаттар (хаттамалар, бағдарламалар, тізімдер және т.б.), сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі құжаттар (хаттамалар, хат алмасу, тізімдер және т.б), сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі кұжаттарды (хаттамалар, хат алмасу, тізімдер және т.б) және тұрақты комиссиясының құжаттарын дайындайды (хаттамалар, ақпараттар, жұмыс жоспарлары).

3.6. Электрондық құжаттарымен айналысу;

3.7. Ұйымдастыру техникамен және компьютерде Word, Excel бағдарламалары бойынша жұмыс істей білуі. қызметін үйлестіреді.

 

Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы міндеттері 03-03 - Қадырова Ақгул Қанатовна


Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10-бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс:

3.1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын, ҚР нормативтік және заңнамалық актілерін, аудандық мәслихат сессиясының шешімдерін жүзеге асырады, аудандық мәслихат шешімдерін заңнамаға сәйкес әділет органдарында тіркеуден өткізу үшін дайындайды және оларды жариялатады;

3.2. Сессия дайындығын, жүргізу тәртібін, тиісті материалдарды қамтамасыз етеді, мәслихат сессияларының хаттамалары және оның құжаттарын (жоспарлар, анықтамалар, ақпараттар) дайындайды;

3.3. Аудандық мәслихат сессиясының шешімдерін тіркеу журналын жургізеді;

3.4. Ұйымдастыру техникамен және компьютерде Word, Excel бағдарламалары бойынша жұмыс істей білуі;

 

Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы міндеттері 03-04 - Керімбаева Айнұр Бекетқызы


Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10-бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс:

3.1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын, ҚР нормативтік және заңнамалық актілерін, аудандық мәслихат сессиясының шешімдерін жүзеге асырады;

3.2. Аудандық мәслихат аппаратының істер номенклатурасын қалыптастырады, аудандық мәслихат аппараты хатшысының негізгі қызмет бойынша және хатшысының жеке құрам бойынша өкімдерін (еңбек демалысы, жаза белгілеу, іссапар туралы) дайындайды, кадрлармен жұмыс жөніндегі Ережелер, қағидалар, нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқаулар (көшірмелер), мәслихат аппаратының қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;

3.3. Аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдарына біліктілік талаптарын жинақтайды, тәртіптік комиссия, аттестаттау комиссиясы, еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия , бос лауазымдық орындарға уақытша орналастыру, қызметке таңдау бойынша конкурстық комиссия, қызметкерлердің кәсіби шеберлігін, мүмкіндігін айқындау (бағалау) комиссиясы бойынша құжаттарды жургізеді (тестер, анкеталар, сұраунамалар), аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерімен жасалған еңбек шарттары мен келісім-шарттарын дайындайды, аудандық мәслихат депутаттарының, мәслихат аппараты қызметкерлерінің жеке істерін жинақтайды;

3.4. Лауазымдық және материалдық-жауапты тұлғалар ауысқан кезде жасалынған қабылдау-тапсыру туралы актілерін тіркейді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасымен мемлекеттік қызмет және кадрлармен жұмыс мәселелері жөнінде хат алмасу;

3.5. Еңбек кітапшаларының және олардың жапсырмаларының берілуін есепке алу, журналды және мәслихат хатшысының жеке құрам бойынша өкімдерін тіркеу журналдарын жургізу, мәслихат аппараты қызметкерлеріне демалыс беру кестелерін дайндау;

3.6. Ведомсволық мұрағат құжаттарын дайындау,е-Қызмет аққпаратық жүйесімен айналысу; 3.7. Ұйымдастыру техникамен және компьютерде Word, Excel бағдарламалары бойынша жұмыс істей білуі;

 

Аудандық мәслихат аппаратының жетекші маманы- бухгалтер міндеттері 03-05 – Молдашева Динара Нұрболатқызы


Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10-бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс:

3.1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын, ҚР нормативтік және заңнамалық актілерін, аудандық мәслихат сессиясының шешімдерін жүзеге асырады, конкурстық (тендерлік, аукциондық) комиссия отырысының хаттамасы және оларға қатысты, тауарларды, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге конкурс ұйымдастырушылар ұсынатын конкурстық (тендерлік, аукциондық) құжаттармен айналысу, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу конкурсына (тендерінде) қатысушы әлеуметті өнім берушілердің тапсырыстары және тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу конкурсына (тендеріне) өтінімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы әлеуметті өнім берушілердің өтініштерін қарау;

3.2. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарымен, бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың (тікелей сатып алудың) нәтижесі туралы хаттамаларын жүргізу;

3.3. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы келісімшарттар жасау, тауарларды, жұмыстарды орындаушылардың және көрсетілетін қызметтерді жауапкершіліксіз өнім берушілердің тізбесін жасау, конкурстық құжаттарды алған тұлғаларды тіркеу журналдары және конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді тіркеу журналдарын жүргізу;

3.4. Мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттармен айналысу;

3.5. Ұйымдастыру техникамен және компьютерде Word, Excel бағдарламалары бойынша оргтехникамен, электронды поштамен жұмыс істей білуі;

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.