Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 32

Басшылық

Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы-  Жұрын Саят Мұхамедқалиұлы
 
№ 7 Әуезов сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты
 
Байланыс телефоны: 8 72770 2 11 55;
Азаматтарды қабылдау уақыты: әр сәрсенбіде сағат 15-00-ден 18-00-ге дейін
Сайлау округіндегі қабылдау күндері

 

1971 жылы 26 маусымында Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.

1978 жылы Ынтымақ ауылындағы 8 – жылдық мектебін бітіріп , 1986 жылы Қарғалы № 3 орта мектебінің 9 –сыныбына қабылданды. Сол мектепті 1988 жылы бітірді.

1989-1992 жылдары Алматы қаласындағы республикалық медициналық училищесінде оқып, санитарлық фельдшер мамандығы бойынша бітірген.

2011 жылы Қазақ ұлттық Аграрлық Университетінің агроном мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Қарғалы шұға комбинатында жұмысшы болып бастаған.

1993-2005 жылдары «Кәкітай» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып істеген.

2005 жылы Ұзынағаш селолық округінің жетекші маманы қызметін атқарған.

2006 жылдан 2011 жылдың қыркүйек айына дейін аудандық мәслихат тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды.

2013жылдың 12 қаршадан бастап аудандық мәслихат хатшысы болып сайланды.

2016 жылдың 24 наурызынан қайтадан бастап аудандық мәслихат хатшысы болып сайланды.

Аудандық мәслихаттың 3-4-5-6 шақырылымдарының депутаты.

С.М.Жұрын аудан өміріндегі барлық қоғамдық жұмыстарға белсене араласумен қатар халық қалаулысы ретінде аудан тұрғындары арасында жиі болып, әр ауылдың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерінің дер кезінде шешілуіне ықпал етіп отырды. Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутатының аудандандағы штаттан тыс көмекшісі бола жүріп, аудан көлеміндегі көптеген түйінді міндеттердің шішілуіне ұйтқы болды.

Нұр Отан партиясы аудандық филиалының Саяси Кеңес мүшесі.

Отбасылы.7 баласы бар.
 


 

Функциональные обязанности Секретаря маслихата

 

Мәслихат хатшысы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Жамбыл аудандық мәслихатының регламентiне сәйкес мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастырып, басшылық етедi, сондай-ақ мәслихат аппаратына жүктелген мiндеттердің орындалуы мен аппарат қызметкерлерінің өз қызметтерін жүзеге асыруына жауапкершiлiкте болады.
Осы мақсаттарда мәслихат хатшысы:
-мәслихат аппараты қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерін белгілейді;
-заңдарға сәйкес мәслихат аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және босатады;
-заңдарда белгiленген тәртiппен мәслихат аппаратының қызметкерлерiн ынталандыру шараларын белгілейді және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
-өз құзіретіндегі мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
-сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
-мәслихат аппаратының шығыс сметасын жасайды және орындайды;
-мәслихат аппаратының мүддесiн мемлекеттiк және өзге де ұйымдарда қорғайды;
-мәслихат аппаратының құрылымын анықтайды;
-заңдарда және нормативтiк актiлерге сәйкес басқа да өкiлеттiктердi iске асырады.
Мәслихат хатшысы болмаған уақытта оның мiндеттерiн мәслихаттың тұрақты комиссиялары төрағаларының бiрi атқарады..
Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.