Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 32

Біздің депутаттар

Депутаттардың фотосуреттері
Депутаттар туралы ақпарат
1
Шажабаев Жұмабек Тоқаұлы
Жамбыл аудандық мәслихатының
№1 Абай сайлау округі
бойынша депутат
 
1954 жылы ақпанның 13-де Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында дүниеге келген. Ұлты –қазақ. Білімі жоғары. 1974 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын бітірген. 1991 жылы Ташкент қаласында саясаттану мен басқару институтында зооинженер – политолог мамандығы бойынша оқыған. 1999 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 1993 жылы аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі, Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, 1994-1997 жылдары аудан әкімінің орынбасары, 1997-1998 жылдары ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, 1998-2006 жылдары Жамбыл аудан әкімінің орынбасары, 2007-2012 Қарғалы ауылдық округінің әкімі, 2012-2015 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, 2015 жылдың маусым айынан бастап «Нұр Отан» партиясының Жамбыл аудандық филилалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарады.
ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астанаға 10 жыл» Астанаға 20 жыл, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» «ҚР Конституция 20 жыл» медальдарымен наградталған. «Ауыл – шаруашылығының үздігі» төсбелгісінің иегері, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы
2
Абаев Әскербек Көкеұлы
Жамбыл аудандық мәслихатының
№2 Уәлиханов сайлау округі бойынша депутат
 
1943 жылы желтоқсанның 27-сі күні Алматы облысы Жамбыл ауданы Дегерес аулында туған. Еңбек жолын 1959 жылы Дегерес совхозында көмекші шопаннан бастап, 1961-1962 жылдары Қарғалы шұға комбинатында жұмысшы болып істеді. 1962 жылы Қарғалы кешкі мектебін бітіргеннен кейін, 1962-1965 жылдар аралығында Кеңес Армиясы қатарында болған.
1965 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің тарих факультетіне түсіп, 1969 жылы бітіріп шыққаннан кейін, Жамбыл ауданының мектептерінде мұғалім, кәсіптік-техникалық училищеде кәсіподақ ұйымы төрағасы, аудандық партия комитетінде қызметтер атқарды. 1972-1974 жылдары Күрті аудандық мәдениет бөлімін басқарды. 1974-1976 жылдары Алматы Жоғары партия мектебінде оқып, бітіргеннен кейін Жамбыл ауданындағы Кастек асыл тұқымды қой заводының партком хатшысы, 1982 жылдан бастап аудандық атқару комитетінде жауапты қызметкер. 1985-1991 жылдар аралығында Жамбыл ауылдық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып қызмет істеді. 1991 жылдан бүгінге дейін ауылшаруашылығы қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ комитетін басқарып келеді. Ауданымыздағы қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Аудандық мәслихаттың I-V шақырылымдарының депутаты болып сайланған. Отбасылы, үш баласы бар.
«Құрмет» орденімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астанаға 10 жыл» «Астанаға 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» «ҚР Конституция 20 жыл», «Мәслихатқа 20 жыл» медальдарымен наградталған. Алматы облысы және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы
3
Ахметжанов Нұрлан Ұлатайұлы
Жамбыл аудандық мәслихатының
№3 Рысқұлов сайлау округі бойынша депутат
 
1961 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ынтымақ ауылында туылған. 1979 жылы Талғар ауыл шаруашылық техникумын, 1987 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтын «бухгалтер – экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1979 жылы Күрті ауданы, Айдарлы қой кеңшарында бухгалтер ретінде бастады. 1981-1987 жылдар аралығында Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылыми академиясының (ВАСХНИЛ) экономисі, Жамбыл, Ұзынағаш кеңшарларының есепшісі, 1987-1992 жылдары Изен тәжірибесі шаруашылығының бас есепшісі, 1992-1994 жылдары «Шалқар» фирмасының төрағасы, 1994-1999 жылдары «Ақсеңгір» тәжірибе шаруашылығы директорының орынбасары болып жұмыс атқарды. 1999 жылдан бүгінгі күнге дейін «Ынтымақ» шаруа қожалығының төрағасы. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №15 асыру үшін қажетті шаралары айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелері, құрылыс, экология, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, жол құрылысы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы. Депутаттық қызметін атқару барысында тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелеріне елеулі назар аударады.
«Ерен еңбегі үшін» орденімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл»,«Мәслихатқа 20 жыл» медальдарымен наградталған.
4
Батырбаев Тұрар Болатқанұлы
Жамбыл аудандық мәслихатының
№ 4 Мақатаев сайлау округі бойынша депутат
 
1991 жылы 23 қыркүйекте Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сарыбастау ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетіне түсіп, 2014 жылы ветеринариялық санитария дәрігері мамандығы бойынша бітірді. 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас селолық округінде мал дәрігері болып жұмыс істеп келеді. 2014 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі. «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі. «Нұрлы жол» бағдарламасының «Агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» саласы бойынша комиссия мүшесі. Шағын және орта бизнесті қолдау және ауыл шаруашылығы салалары бойынша мемлекеттік бюджет есебінен қаржыланатын құрылыс нысандарының сапасына партиялық мониторинг және бақылау жүргізетін комиссияның хатшысы. «Айқын тариф», «Ардагерлерді ардақтайық», Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту», «Жастар Отанға» жобалары бойынша халыққа көп көмегін тигізуде.
5
Тортаев Орынбасар Сәтімбекұлы
Жамбыл аудандық мәслихатының
№ 5 Фабричный сайлау округі бойынша депутат
 
1977 жылы 15 қарашада Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауданында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі жоғары. Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын Мыңбаев тәжірибе шаруашылығында бастаған. 1997-1998 жылдары Алматы қаласындағы «Алатау» базарында, 1998-2003 жылдары «Эйпл Сити дистрибюшн» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік компаниясының басшысы қызметін атқарған. 2003 - 2007 жылдары «МИК және Құрылыс» Жауапкершілігі Шектеулігі Серіктестігі компаниясында директор орынбасары болып жасаған. Қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда. Жеке кәсібін ашып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар ауылшаруашылығы саласында бірге алып келеді. Малшаруашылығы саласында жаңа технологияларды енгізіп, жұмыс істеуде.
«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен наградталған.
6
Жарасбаев Дәулет Жамалбекұлы
Жамбыл аудандық мәслихатының
№ 6 Майбұлақ сайлау округі бойынша депутат
 
Жарасбаев Дәулет Жамалбекұлы 1965 жылы наурыздың 12-де Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылында туған. Білімі - жоғары. Инженер-электрик, заңгер. 1982 жылы Қарғалы ауылындағы № 1 орта мектебін бітірген. 1983-1985 ж.ж. әскери борышын өтеген. 1985- 1992 ж.ж. Қарғалы шұға комбинатында жұмыс істеген. 1992-1996 ж.ж. «ТАН» жеке мекемесінде директор, 1996-1998 ж.ж. «AGSecuratas» ЖШС директор болды. 1999-2005 ж.ж. «KEGOC» АҚ бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары болды. 2006 жылдан осы уақытқа дейін «ТехноСнаб-2002» ЖШС директоры қызметін атқарып келеді. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Үйленген, 3 баласы бар
7
Жұрын Саят Мұхамедқалиұлы
Жамбыл аудандық мәслихатының
№ 7 Ауэзов сайлау округі бойынша депутат
 
1971 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. 1992 жылы республикалық медициналық училищесін «санитар-фельдшер», 2011 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Агроном» мамандықтары бойынша бітірген. 1989 жылы Қарғалы шұға комбинатында жұмысшы ретінде бастады. 1993-2005ж.ж. аралығында «Кәкітай» ШҚ төрағасының орынбасары. 2005-2006ж.ж. Ұзынағаш селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы. 2006-2011 ж.ж. Жамбыл аудандық маслихат тексеру комиссиясының төрағасы болып жұмыс жасады. 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы.
«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Мәслихатқа 20 жыл» медальдарымен наградталған.
8
Шейкин Юрий Алексеевич
Жамбыл аудандық мәслихатының
№ 8 Ақсеңгір сайлау округі бойынша депутат
 
1959 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Балатопар ауылында дүниеге келген. 1978- 1980 жылдары әскери қызмет атқарды. Еңбек жолын 1976 жылы жұмысшы ретінде бастады. 1978-1995 жылдар аралығында Құйған кеңшарында жүргізуші болып жұмыс жасады. 1995 жылдан қазіргі уақытқа дейін Үлкен ауылындағы «Ақсұңқар – Секьюрити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №8 Ақсеңгір сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Аудандық мәслихаттың экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі. Депутаттық қызметін атқару барысында бюджет қаражатының тиімді пайдалануын қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы, білім, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің материалдық – техникалық базасын нығайту, ұлтаралық қатынастарды күшейту, экология мәселелеріне анағұрлым назар аударады. Жамбыл аудандық мәслихатының IV шақырылымының депутаты болып сайланған. Аудандық мәслихаттың қызметіне «Нұр Отан» партиясы фракциясының жұмысына, сонымен қатар аудан көлемінде өткізілетін қоғамдық – саяси шараларына белсенділікпен қатысуда.
«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», « Мәслихатқа 20 жыл» медальдарымен наградталған.
9