Навигация

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 28

Мәслихат тарихы

Тәуелсіз еліміздегі алғашқы маслихат сайлауы 1994 жылы наурыз айында өтіп, әр денгейдегі маслихат органдары өмірге келген еді. Содан бергі уақыт ішінде маслихаттар да қоғамды одан әрі демократияландыруға, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, еліміздегі халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық және саяси – әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру өз үлестерін қосып келеді.

Аудандық маслихат тарихына көз жіберер болсақ 1994 жылы аудандық маслихат депутаттарының алғашқы бірінші шақырылушысының сайлауы енгізіліп, аудандық маслихатқа 22 депутат сайланды. Олардың арасында 3 депутат білім саласынан, 3 депутат денсаулық саласынан, транспорт саласынан 2, кәсіподақтан 1, құрылыстан 1, кәсіпкерліктен 1, ардагерлер ұйымынан 1, ауыл шаруашылық саласынан -7 депутат сайланды. Ал аудандық маслихаттың I сессиясында аудандық маслихат хатшысы болып, ұзақ жылдар білім саласында еңбек еткен, сол кездегі аудандық білім басқармасының бастығы болып істеген Рая Мұсақызы Ыдыралиева сайланды.

Жанадан қалыптасқан депутаттар корпусы өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, қызу іске кірісіп кетті. Аудандық маслихаттың I шақырылымында – сессия өткізіліп, онда құрамнын әлеуметтік , экономикалық дамуына байланысты шешімдер қабылданды. Халық қалаулары өздеріне жүктеген сенім биігінен көріну үшін қоғамдық жұмыспен өздерінің төл міндеттерін де абыроймен алып жүрді. Ал аудандық маслихаттың екінші шақырылымының сайлауы 1999 жылы өткізіліп, онда аудандық маслихатқа 17 депутат сайланды. Халық қалаулылары өздерінің арасынан №10 Қарақыстақ сайлау округінен сайланған депутат Динар Жүсіпәліқызы Нүкетаеваны аудандық маслихат хатшысы етіп сайлады. Динар Жүсіпәліқызы аудандық маслихат жұмысының қалыптасып, жаңа сатыға көтерілуіне көп еңбек сіңірді. Жастық жалынмен еңбек етіп, депутаттардың белсенділігін арттыруға, олардың сайлаушылармен байланысын нығайтуға ерекше мән берді. Халық қалаулысы Д.Ж. Нүкетаева өз сайлаушылары мен қатар аудан тұрғындарының да өзіне көрсетілген сенімдерін абыроймен атқарып, Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті сайлауында топ жарып, Парламент мәжілісіне депутат болып сайланды. Өз ауданымыздың төл перзенті Д.Ж.Нүкетаева Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісіне қатарынан 2рет сайланып, биыл 2017 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына сайланды .

Аудандық маслихаттың 2003 жылы өткен үшінші шақырылымында аудандық маслихатқа 17 депутат сайланып, аудандық маслихат хатшысы болып Бағдат Байшалұлы Әлиев сайланды. Бұған дейін ауданның ауыл шаруашылығынын әр саласында жемісті еңбек етіп, мол тәжірибек жинақтаған ол аудандық маслихат жұмысына жаңа серпін әкелді.

Б.Б. Әлиев төртінші шақырылымда да маслихат хатшысы болып, бұл жауапты қызметті 2009 жылға дейін яғни облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметіне ауысқанға дейін істеді. Қазіргі кезде облысымыздағы Кербұлақ ауданының әкімі.

2009-2013 жылдар аралығында аудандық маслихаттың хатшысы болып Бейсенбек Бақтыбекұлы Қазиев істеді. Алайда мезгілсіз келген ажал абзал азаматты арамыздан ерте алып кетті. Бейсенбек Бақтыбекұлы аудандық маслихаты басқарған жылдары өзіндік қол танбасын қалдырып, жаңалықтар алып келді. Іскер басшы, әділ, әрі табанды жұмысты жаңаша ұйымдастыру. Бұл жылдары әсіресе комиссиялардың жұмысын жандандыруға ерекше көңіл бөлінді.

2013 жылдан бастап қазіргі кезде мәслихат хатшысына Жұрын Саят Мұхамедқалиұлы сайланды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.