Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 32

Жаңалықтар

Жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Қазақстанның даму стратегиясы» атты жалпыұлттық эссе байқауы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 21.05.2020
Оқылды: 43 Печать страницы
Жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Қазақстанның даму стратегиясы» атты жалпыұлттық эссе байқауы

Жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Қазақстанның даму стратегиясы» атты жалпыұлттық эссе байқауы

 

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Қазақстанның даму стратегиясы» атты үздік эссе байқауын жариялайды.
Эссе – еркін стильдегі қысқаша очерк-ойтолғау. Эссе автордың нақты бір мәселеге қатысты өзіндік пікірін, оның дүниетанымдық ұстанымын білдіреді әрі пәнді тек қана солай түсінуді талап етпейді. Эссе өздігімен шығармашылық ойлау деңгейін, ақпаратты құрылымдау, себеп-салдар байланысын көрсету және өз ой түйінін дәлелдермен дәйекті ету қабілетін танытады.
 
Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуы бойынша мемлекет дамуының стратегиялық басымдықтарын жүзеге асыру үшін жаңа идеяларды іздестіру.

Байқау келесідей тақырыптық бағыттар бойынша өтеді:
1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың тиімді үлгісін құру;
2) Әлеуметтік жаңғыру, демография, адами капитал, еңбек және еңбек қатынастарының нарығы саласындағы зерттеулер;
3) Мемлекеттік қызметшілердің ақпараттандырылуын кеңейту арқылы тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) индикаторларына жетуге ықпалдасу.
Байқауға 40 жасқа дейінгі (қоса алғанда) мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.
Байқауға бір автор дайындаған эссе ғана қатыса алады.
Әрбір үміткер тек бір ғана өтініш бере алады. Бір үміткердің екі немесе одан да көп өтініште соавтор болуына тыйым салынады.

Байқау 3 кезеңнен тұрады:
1) аймақтық кезең;
2) республикалық кезең (эсселерді сырттай іріктеу және жеңімпаздарды жариялау);
Байқау аяқталғаннан кейін жеңімпаздар (1-, 2- және 3-орын) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өткізетін құзіреттіліктерді тұлғалық дамыту бойынша эксклюзивті тренингтерге қатысып, білім алудың бірегей мүмкіндігіне ие болады.

Эссені рәсімдеу талаптары: А4 форматындағы мәтін; жол жиегі: сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см, жоғары және төменгі жақтары – 2 см.; қаріп Times New Roman, қаріп 14; аралық интервал – 1,2.
Эссенің құрылымы:
- титул беті;
- байқау қатысушысы туралы мәлімет;
- кіріспе;
- жұмыстың негізгі бөлімі;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиетер тізімі.
Эссе мемлекеттік/орыс немесе ағылшын тілде ұсынылады.

Эсселерді іріктеу келесі критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады:
1) тақырыптың өзектілігі;
2) эссе мазмұнының Байқау тақырыбына сәйкестік деңгейі;
3) ғылыми жаңашылдығы;
4) қойылған міндеттерді шешудегі бірегей авторлық тәсілдеме;
5) тәжірибелік бағытталуы.

Байқауға қатысу үшін қатысушылар келесідей құжаттарды жолдайды:
– байқауға қатысуға өтініш –электрондық нұсқа;
– word немесе pdf форматындағы эссе (әдебиеттер тізімін ескермегенде 500 сөзден аспауы тиіс).
Эссені k.nurbek@apa.kz электрондық поштасына жіберу қажет (байқаудың менеджері – Құралай Нұрбек).
Байқау онлайн форматта өткізіледі.
 
Эссені өткізу мерзімі: 2020 жылғы 20 мамырдан 5 маусымға дейін.
Байқау нәтижелері Академияның сайтында жарияланады.

 


Байқауға қатысуға өтініш

Эссе авторы

Т. А. Ә (толығымен): ____________________________

Жұмыс орны: _________________________________

Лауазымы: ____________________________________

Байланыс телефондары: __________________________

E-mail: ________________________________________

Облыс (қала, аудан):  _________________________

Эссе тақырыбы

 

 

Кілт сөздер

 

 

Өтінім беру күні

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.